СЕНІҢ ӨЛІМІҢЕ ӘЛЕМ ӘСТЕ ҚАЙҒЫРМАЙДЫ...
Ажал қасыңа келіп түстеніп, өлім дәмін татар кезің келгенде, «тәнім не болады?» деп уайымдама, себебі мұсылман жамағаты сені ұмыт қалдырмайды. Олар сені жуындырып, кебіндіріп, ақтық сапарыңа арулап шығарып салады. Бәлкім сені жерлеу рәсіміне адам көп жиналатын шығар. Біразы «сен үшін» маңызды деген шаруаларын жиып қойса да, келеді, әйтеуір. Иесіз қалғын сенің тұтынған заттарыңнан құтылуға асығады...
Бірақ, біл, пәленше бақилық болды деп, әлем бұған әсте қайғыра қоймайды. Барлығы әдеттегідей, өз ағысымен өте береді. Сенің жұмыстағы шеніңді де басқа біреу иемденеді. Дүниеде жинаған бар байлығың мұрагерлеріңе беріледі, ал оның сұрауы (байлықтың) сенен сұралады. Сенің өліміңді жоқтап, қайғыратындар мыналар ғана:
1. ТАНЫСТАРЫҢНЫҢ «байғұс», «бейбақ» деп жаны ашыр;
2. ДОСТАРЫҢ да бірер күн қайғырғанымен, кейін бәрін де ұмытады;
3. Ет жақындарыңның өзі айлар, бәлкім жыл өткенге дейін көңіл құлазытар. Сені іздеп, қайғырар. Бірақ уақыт өткен соң олар да ұмытады.
Осылайша, сенің осы өмірде жүріп өткен жолың тәмам болады. Шындығына шүбә келтірген шынайы өмір басталады, мұнда атақ-мансап қуып, аласұрмайсяң, бауырларыңды да, байлықты да іздеп таба алмайсың. Және саған жақсы амалдарыңнан өзгесінің ешбірі пайда әпермейді...
Әли Тантауи. رحمه الله.
#А